Жүрегімнің түбін жарып шығып, керемет аялы сезімге жетелеген, өмірге шыр етіп келген күннен бастап, өзім үшін жаралған жандарым-ата-анам! Өмірімнің сәнін де, әрін де келтіретін, жаманымды жасырып, жақсылығымды асыратын бақытым,асыл қазына- байлықтарым! Құдіреті күшті Алланың сіздердей жанды өмірге әкелдіріп, менің ата-анам қылғанына шексіз де, сансыз раxметімді айтамын! Сіздердей асыл жандарды дүниеге әкелген асыл жандар аман болсын! Бар жаныммен, жүрегіммен жақсы көретін, мейірім мен мейірбандылықтың мәңгі тұрағы- Сіздер ғана! Жабыққан, сүрінген сәттерде әрқашан жанымнан табылып, қолтығымнан демеп, жұбатып, үлкен армандарға жетелейтін, нұрға толы жүрегімен үмітімді келер күнге жалғайтын-Сіздер ғана! Бар тапқанын аузынан жырып балаларына берген, түн ұйқысын төрт бөліп, сәбилері үшін өмір сүретін сіздердей асыл жандардың ақысын өтеу-менің парызым мен атқарар борышым! Сіздердің маңдайларыңызға түскен әрбір әжімнен "біз" деп өткен қуанышты да мұңлы күндермен, жүріп өткен жолды көремін. Сіздерге деген ыстық сезіммен, ыстық ықыласты сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Жүрегіммен жақсы көретін жандарым! Көңілдеріңізге түскен кірбің, менің жүрегіме түскен қанжардай! Жырақта жүрсем де, жаның да жүрсемде сағына берем! Сіздің "әлдиіңізден" басталған тәрбие, ақ сүтіңізден дарыған қасиет- мен үшін үлкен бақ! Менің әлемім, менің әлемдегі әдемім, Оркашино, Оралым! Менің өмірлік алғашқы ұстазым , көрегенділігіңмен өнегелі мінезің, маxаббатыңмен үлгі бола білген, "Айфизок" деп еркелететін (қазір МайФизок болдық) , өзі Мессиге ұқсайтын Амангелді-Ақ Көкем! Қарыздармын ғой сіздерге! Мәңгілік басымды иіп өтем! Аллам амандық пен ұзақ өмір беріп, жақын жандарым мен бауырларым аман болсын! Одан артық не керек! Сағынып кеттім, бәріңді! 😘😘😘❤️ #ой дәптері-жеке күнделіктен! 29.10.2016ж. 0:49

Теги других блогов: өмір мейірім асыл жандар